ТЕҺРАН: Иран полициясы, ресми биліктің есептеуі бойынша, “Батыстың қолдауымен” пайда болған қозғалыстардың іс-қимылына тосқауыл қояды. Иранның мемлекеттік радиосы хабарлағандай, полицияның іс-қимылы исламның моралдық ережесін бұзатын рэпер немесе сайтандар сынды қозғалыстарға “ескертулер” жолданатын 17-нші мамыр күні басталады. Оның алдында ғана Иран баспасөзі хабарлағандай, мамыр айында полиция, сонымен қатар, қызметкерлері киім киюдің шариғат ережелерін өрескел бұзған компаниялар мен кәсіпорындарды тексеретін болады.