АНКАРА: Ұлыбритания патшайымы ІІ-нші Елизавета Түркияның Еуропа Одағына мүше болып кіруге деген ұмтылысын қоштайды. Кеше Түркия астанасында өзінің құрметіне берілген қонақасында сөйлеген сөзінде британ патшайымы түрік елін “өзінің күш-қуатына сенімді, демократиясы қарқынды ел” деп бағалады. ІІ-нші Елизавета Түркия президенті Абдулла Гүлмен де жүздесті. Анкараға патшайымға серік болып оның ері - Эдинбург герцогы мен сыртқы істер министрі Дэвид Милибэнд еріп келді.