Мамырдың 12-сі күні Алматыда бірқатар саяси партиялар, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері «Халық кеңесі» атты қоғамдық парламент құру туралы хаттамаға қол қойды.
Бір партиядан құрылған қазіргі парламентке балама ретінде қоғамды алаңдатып отырған кез-келген мәселелер бойынша қоғамдық пікірталас тудыра алатын кең көлемдегі осындай қоғамдық кеңестің қажеттілігі туралы өткен жылдың соңында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Жармақан Тұяқбай алғаш идея көтерген болатын. Қоғамдық кеңес, яғни қоғамдық парламент құру идеясын көтеруші, партия төрағасы Ж.Тұяқбайдың айтуынша, қазіргі билікке тәуелді бір партиялы парламент жағдайында халықтың мұң-мұқтаждығына байланысты ешбір мәселе шешілмей жатыр.
- Өйткені жоғарғы биліктен қандай бір тапсырма түскен кезде ғана қазіргі парламент бас шұлғып қабылдайды, әйтпесе үн-түнсіз отыра беруді жақсы көреді. Сондықтан осындай тәуелді парламентке балама бола алатын, қоғамдағы небір қиын күрделі мәселелердің түйінін тауып шешуге ат салыса алатын жаңа қоғамдық парламент құруды жөн санадық, Бұл үшін көптеген дайындық жұмыстары жасалып, қазіргі жағдаймен Қазақстандағы 30-дан астам саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар осы парламентке мүше болуға ықылас танытып отыр - дейді ол.
Ал осы қоғамдық парламенттің жұмысын кім басқарады, жұмысы қалай жүреді деген мәселе бойынша оны құрғандар ақылдаса келе, ешбір саяси партия не қоғамдық ұйым бұл қоғамдық парламентті жеке басына еншілеп алуына болмайды деген ортақ келісімге келіпті.
- Қоғамдық парламент жұмысын әрбір саяси партия не қоғамдық ұйым ауыспалы түрде кезекпен, алмасып басқарғаны жөн деп отырмыз, - дейді Тұяқбай.
А.Сәрсенбайұлы атындағы қордың жетекшісі, сарапшы Айдос Сарым бұндай қоғамдық пікір туғыза алатын қоғамдық кеңестің қазіргі бір партиялы билік жағдайында пайдалы екендігін жоққа шығармайды.
- Бірақта осы айтылған пікірлер жай сөз болып іске аспай қалып қойса тағы қиын. Сондықтан қоғамдық парламент қазіргі парламентке балама ретінде кез-келген заң жобаларын жасау оны халыққа насихаттау жұмыстарымен де айналысқаны жөн болмақ, - дейді ол.
Ал «Мысль» журналының бас редакторы Сейдахмет Құттықадам болса бұған дейін Қазақстанда сан алуан осындай саяси партиялардың не қоғамдық ұйымдардың бастарын қосатын коалициялық одақтар не қауымдастықтар құрылғанымен қоғамды одан әрі демократияландыру жолында бұл одақтар түк те бітіре алмағанын айтады. Яғни, одан ешбір пайда болмады, сондықтан да осы «Халық кеңесі» қоғамдық парламентіне кіріп отырған саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар ең әуелі бір-бірін сыйлап, бірінің сөзін бір тыңдай алатын толық түсіністік жағдайында жұмыс істейтін кеңеске айналған кезде бұл парламенттің жұмысы алға басады және халық оны тыңдайтын болады деген пікір айтады редактор.
«Халық кеңесі» қоғамдық парламентінің кезекті мәжілісі алдағы маусым айының басында өтпекші.