АҚШ-тағы президент сайлауына Демпартиядан сенатор Б.Обама түсуі мүмкін

ВАШИНГТОН: Бүгін АҚШ-тың Кентукки мен Орегон штаттарында президент сайлауына Демократиялық партиядан түсуге тиіс үміткерлердің бастапқы сайлауы – праймериз өтеді. Сауалнамаларға қарағанда, Кентуккиде сенатор Х.Клинтонның, ал Орегонда оның қарсыласы - сенатор Б.Обаманың жеңіске жету мүмкіндігі басым. Бақылаушылардың ортақ пікірінше, 2 штаттағы бастапқы сайлаудың қорытындысы Хиллари ханым мен Обаманың арасындағы тартыстың нәтижесін өзгерте алмайды. Демпартияның сиезінде өзін қолдайтын делегаттарының саны жағынан Обама алда келеді.