ЧЭНЬДУ: Қытай үкіметі жергілікті халқы зілзаланың қайталануынан қорқып баспана-үйлерін тастап қашқан Сычуань провинциясына тыныштық пен тәртіп орнатуға тырысуда. Оның алдында жергілікті билік теледидар арқылы зілзаланың қайталануы мүмкін деп ескертіп, Чэньду қаласының тұрғындары баспаналарын тастап босып кетті. Ізінше қуаты 5 балға тең жер сілкінісі болып, талай адам жараланды. 12-нші мамыр күні Сычуань провинциясында болған зілзаладан 70 мыңға жуық адам қаза болды немесе қираған ғимараттардың астында қалды. Соған байланысты Қытайда 3 күн аза тұту жарияланды.