Грузия президенті Михаил Саакашвили кей батыс Еуропа елдерінің басшыларын Ресейдің Абхазиядағы сепаратистерді қолдауына қарсылық танытпау арқылы Ресейді “тынышытандыруда” деп айыптады. Бұл туралы Саакашвили сәрсенбі күнгі парламенттік сайлаулардың қарсаңында шетел журналистеріне берген сұхбатында айтты. Саакашвилидің айтуынша, егер Еуропа Ресейдің Грузияға қарсы әрекетіне байланысты мықты ұстанымда бола алмаса, басқа аймақтарда Мәскеу одан сайын агрессияшыл болуы мүмкін. Грузияның жікшілдік Абхазия аймағына Ресей қосымша бітімгершілік күштерін орналастырған соң, бұл екі ел арасындағы теке-тірес өсе түсті.