Сейсенбі күнгі ресми басылымдар Қазақстан президентінің Мысырдағы Шарм әл-Шейх қаласында өткен Таяу Шығыс жөніндегі Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысқаны туралы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекеттері Жоғарғы сот өкілдерінің Астанада басталған үшінші кеңесі туралы, Астананың он жылдық мерей тойына дайындық барысы туралы жазыпты. Бірқатар басылымдар алғаш рет Қытайда тіркелген энтеревирус жұқпалы кеселінің енді Қазақстанда тіркелгені туралы жазыпты.
«Егемен Қазақстан» газеті Египет Араб Республикасының Шарм-әл-Шейх қаласына өткен Таяу Шығыс жөніндегі Бүкіләлемдік экономикалық форумда «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі және онда қазақстандық кеш өткізілді» деп жазса, «Айқын» газеті «...алдымен Мысыр Араб Республикасының президенті Хұсни Мүбәракпен кездескен Елбасы Қазақстан халқы мен өз атынан Мысыр басшысын 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады. Өз кезегінде Хұсни Мүбәрак та Н.Назарбаевқа «Ұлы Ніл» орденін тапсырды» деп жазыпты.
«Литер» газеті болса осы сапарында Қазақстан президенті: «Егер әлемдік қаржы дағдарысы үлкен мәселе болса, әлемдік азық-түлік дағдарысы миллион адамдар үшін қасырет! Бүкіл әлемде астық бағасының қымбаттауына ортадағы делдал, алыпсатарлар кінәлі, сондықтан оларға тосқауыл қою қажеттігін алға тартты» деп жазыпты.
Осы газет «Кейбір азық-түлік, көкөністер мен жемістер және халық тұтыну тауарларының орташа импорттық және бөлшек саудадағы бағаларының салыстырмалы кестесін» басыпты. Онда бір килограмм қанттың базардағы бағасы 108 теңге, шайдың бағасы 870 теңге және т.б. заттардың бағалары көрсетіліпті.
«Время» газеті осы тақырыпта «Тамақ ішкің келсе – түрмеге отыр» деген мақала басып, онда 4-ші мамырда жариялаған Республикалық статистикалық Агенттік есебі бойынша ең төменгі тұтыну себеті 11927 теңге. Оның азық-түлікке деп есептелген бөлігі 7157 теңге де, 4770 теңгесі ақылы қызметке деп есептеліпті. Ондағы қант бағасы 100 теңге де, шайдың бағасы 780 теңге екен» деп жаза отырып, автор «біздің есептеуіміз бойынша, әр адамға бір айлық азық-түлік себеті Қазақстанның әр қаласында әртүрлі де, Алматыда 10681 теңге. Соған қарағанда, статистика өте бір қу ғылым боп тұр-ау» деп күмілжіпті.
«Егемен Қазақстан» елдегі қаржы ахуалына арнаған мақаласын «Қаржы саласында жағдай қалыпты» деп атаса, «Айқын» газеті «Банктердің басы қатып жатыр» деген мақаласында «банк клиенттері кепілде тұрған үйлерді қайтарып беріп жатыр. Өйткені, ай сайын қыруар қаржы төлеп отыру ешкімге тиімді емес. Бұл банктер үшін қиын мәселе болып тұр. Біріншіден, ұсыныс өте көп, сұраныс тым аз. Сондықтан да олар голландиялық әдіспен болса да мүліктерді сата алмаулары мүмкін» деп жазыпты.
Бірқатар басылымдар Алматы облысының Алакөл ауданында, жақында Қытайдан келген бір азамат Enterovіrus-71 (EV71) инфекциясын жұқтырған деген күдік барлығы туралы жазыпты. Осыған орай «Айқын» газеті «Ентеровирус Қазақстанға да келді» деп жазса, «Литер» газеті «Қазақстанға келген Жұмахан Жұмабеков деген, жиырма жеті жастағы Қытай азаматы шалдыққан дерттің түр-сипаты толығымен ентеровирус жұқтырған деп айтуға келеді, қазір одан алынған қан Алматыға зерттеуге жіберіліп, оны Талдықорғандағы жеке жұқпалы аурулар бөлмесіне жатқызып, онымен араласқан барлық адамдарды арнайы қызмет мамандары тексеріп жатыр» деп жазыпты.
Бірқатар басылымдар Оңтүстік Қазақстандағы шегіртке шабуылынан жайылымдары зардап шеккен аймақтардағы «малдарды бағудан сою жеңіл болды, сондықтан қазір мемлекет етке деп олардан 500-ден астам қой мен тоқтыларды сатып алды» деп жазыпты.
«Время» газеті «Алматыдағы 28-Панфиловшылар паркінде фонтан салынады деп қоршалған жерге қалаға жаңа әкім келгелі кафе салынып жатыр. Бұл қалай?» деп сұраса, «Жас алаш» газеті «Тендерде ұтты: іс бітті, қу кетті... ішерге су жоқ» деген мақаласында «Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс департаментінің директоры мен осы саланың бірқатар шенеуіктері экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің «құрығына» ілікті. Олардың арасында тұрғындарға су жүргізбекші болып тендер ұтып алып, түк бітірмеген бір қомпания жетекшісі болып істеген Алматы әкімі Ахметжан Есімовтың інісі де бар екен» деп жазыпты.
«Время» газеті «Жіп - жіңішке жерінен үзіледі» деген мақаласында Қазақстандағы нашақорлық туралы жаза келіп, «соңғы оны жылда Қазақстанда нашақорлардың өлімі 42 есеге өсті» деп жазыпты.