Ауған-Пәкістан шекарасына НАТО бейбітшілік әскерін шоғырландыруда

Себебі, Пәкістан мен талибаншыл жауынгерлер арасындағы келіссөздердің жүруі көтерілісшілердің Ауғанстанға шабуылын күшейтуі мүмкін, деп күдіктенуде екен. Бұл жөнінде Ауғанстандағы халықаралық көмек күштері басшысы, генерал Дән МкНейл айтты. Аталған аймақта көтерілісшілер шабуылдары өсе түсті, дейді ол.