Бүгін Түркменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхаммедов Әзірбайжанға алғашқы ресми сапарын бастайды. Келіссөздер ұсынылған Каспий құбыры мәселесіне арналуы мүмкін. Каспий Теңізіндегі мұнай кен орындарына байланысты бұл екі елдің қарым-қатынастары бұрын шиеленісті жағдайда болған. Осыдан 7 жыл бұрын Түркменстан өз елшісін еліне қайтарған еді. Наурыз айында Түркмен елшісі Әзірбайжанға оралды. Қазір енді екі мемлекет Каспий жағалауы бойынша өтеді деп ұсынылған құбырды дамытуға ниет танытып отыр.