Ресей президенті Дмитрий Медведев бүгін Қазақстанға келеді деп күтілуде. Бұл оның президент ретінде жасап отырған алғашқы ресми шетелдік сапары болып табылады. Медведевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары мамырдың 22-і мен 23-і аралығында өтеді. Ал Қазақстаннан кейін Ресей президенті Қытайға барады деп жоспарланған.