Қытайдағы жер сілкінісінің құрбандары 55 мыңнан асты, 25 мың адам хабарсыз кетті

БЕЖИН: Қытайдың Сычуань өлкесіндегі жер сілкінісі құрбандарының саны, ресми мәлімет бойынша, 55 мыңнан асты. Өлке әкімі Ли Чэньгуиннің хабарлауынша, тағы 25 адам хабарсыз-ошарсыз жоғалды деп есептеліп отыр, 280 мыңнан астам кісі түрлі жарақат алды, 5.5 млн.-ға жуық баспана-ғимарат қирады. 12-нші мамырдағы қуаты 7.9 балға тең жер сілкінісінен апатқа ұшырған Сычуань өлкесінің бүкіл инфрақұрылымын қалпына келтіруге 3 жыл уақыт керек болады.