Құқық қорғаушы ұйым Данияның Ирақ босқындарын күштеп қайтару шешімін сынады

Амнести Интернэшнл ұйымының Даниялық кеңсесі ауыр қылмыстар үшін айыпталған ирақтықтарды елдеріне күштеп қайтара бастағанын сынап отыр. Даниядағы аталмыш ұйымның басшысы айтқандай, өз елінде өміріне қауіп төніп тұрған адамды еліне жіберу жағдайына халықаралық келісімдері, тіпті Данияның өзінің келісімдері тыйым салады. Дания үкіметі жақында адам өлімі, есірткі тасымалына қатысты және зорлық жасады деп айыпталған 11 ирақтық босқынды еліне қайтару жөнінде шешім шығарған. Бұл Данияның ирақтықтарды Бағдадқа қайтаруы бірінші рет қабылдаған шешімі.