АҚШ-тың ғарыш аппараты Марстың мұз қатпарын зерттеуге кірісті

ҒАРЫШ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ: 10 айға созылған сапардың нәтижесінде Марс жұлдызына жетіп, өткен жексенбі күні “Қызыл планетаның” бетіне қонған АҚШ-тың “Феникс” ғарыш аппараты жұлдыздың бетін түсірген алғашқы фотосуреттерін жерге жібере бастады. “Феникс” аппараты судың және тіршілікке қажетті басқа да органикалық заттардың бар-жоқтығын және Марстың солтүстік полюсіндегі мәңгілік мұз қатпарларын зерттеп, жұлдыз бетінде тағы 3 айдай болуға тиіс.