ТБИЛИСИ: Грузин оппозициясы депутаттық мандаттарынан бас тартып, парламент сайлауын қайта өткізуді талап ету үстінде. Бүгін Тбилисидің орталығындағы наразылық митингісінде сөз сөйлеген оппозиция серкелерінің бірі Давид Гамкрелидзе 21-інші мамырдағы парламент сайлауының нәтижесі “өрескел бұрмаланды” деп мәлімдеді. Митингіге “Біріккен оппозиция” блогі мен оппозициядағы Лейбористік және Республикалық партиялардың мыңдаған мүшесі қатысуда. Бүгін, Тбилисиде сонымен қатар тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты әскери шеру болып өтті.