АСТАНА: “Үлескерлердің проблемасын шешуге үкіметтің қаржысы да, мүмкіндігі де жеткілікті”. Бүгін Парламент Мәжілісінің отырысында премьер-министр К.Мәсімов осылай деп мәлімдеді. “Бастапқы есеп бойынша, - дейді үкімет төрағасы, - 30 мыңдай үлескері бар Астана мен Алматыдағы 157 нысанға мемлекет қолдау көрсетеді”. К.Мәсімовтің дерегі бойынша, 9 мың үлескері бар 148 компания құрылыстарын өздері аяқтайды. Ал 34 құрылыста әлі проблема бар, олар сот шешімімен банкрот деп мойындалуын күтеді деген пермьер олардың мәселесін шешуді К.Мәсімов жергілікті әкімдерге артты. Алайда алданған үлескерлердің құқын қорғайтын заңгер С.Уткин: “Үкіметтің ешқандай нақты іс-қимылын көре алмадық”, - деп мәлімдеді.