Ирақтағы шабуылдан 16 адам опат болды

Ирақтың солтүстігіндегі полиция орталығында болған жанкештілік жарылыстан кемінде 16 адам қаза тауып, шамамен 30 кісі жарақат алды. Аурухана ресмилерінің айтуынша, бүгін Мосулдың батысындағы Синжар қалашығында бір кісі өзін-өзі жарып жіберген. Ал оның алдында Мосулдың солтүстігіндегі бір ауылда тағы бір шабуыл болып, оның салдарынан 3 адам опат болған тұғын.