Македониядағы сайлау кезіндегі қақтығыстан 1 адам қаза болды

Бүгін Македонияда парламенттік сайлау өтіп жатқанда болған қақтығыстан бір адам қаза болып, бірнеше адам жарақат алды. Ел астанасындағы этникалық албандар аймағы мен Арачиновада оқ атылғаннан кейін, дауыс беру тоқтатылды. Бұл сайлаулар елдің одақтас үкіметінің Косово тәуелсіздігін тану мен Македонияның НАТО-ға қосылу үмітінің болмай қалғанына байланысты туындаған пікір қайшылықтарынан соң болып отыр.