К.Мәсімовтің үкіметі қол қусырып отырса, қоғамдық көліктің жолақысы қымбаттайды

АЛМАТЫ: Маусымның 9-ынан бастап Қазақстанның “оңтүстік астанасы” - Алматыда қоғамдық жолаушы көлігіндегі жолақысы қымбаттайды. Мамандар оған жағармай бағасының күрт өсуі себеп болғанын айтады. Алматы қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары департаменті директорының орынбасары Мақаш Ермұхамбетов жағармайдың 1 литрі 2006-ншы жылғы бағасынан 2 есеге дерлік қымбаттағанын мойындады. Жағармай мен қоғамдық көлік ақысының қымбаттауы қарапайым халыққа ауыр тиіп отыр.