Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел астанасына өзінің есімін беру туралы парламент мүшелерінің ұсынысына қарсы екендігін білдірді.
«Мен бұл туралы естідім. Парламент – жоғары заң шығару билігі болғандықтан, ешкімнен сұрамастан заңдар қабылдауға құқылы. Бірақ парламент қабылдайтын заңдардың барлығы оларға президент қол қойған соң ғана күшіне енеді. Ал мен атауларды өзгерте беруге, және де ол менің жеке басыма қатысты болса, әрқашан қарсы болғанмын», - деді Назарбаев.
Қазақстан президенті сайлауда халық сенім білдіріп жатса, өз денсаулығы мен мүмкіндігіне қарай, әлі де ұзақ жылдар бойы қызметін атқара беретінін мәлімдеді.
Парламент Мәжілісінің депутаты Сәт Тоқпақбаев маусымның 4-күні палатаның жалпы отырысында Астана қаласын Нұрсұлтан деп өзгерту жөнінде ұсыныс айтқан болатын. Оның ұсынысын Мәжілістегі өзге әріптестері де қызу қолдады.