Бүгін Сухимиде Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша басшысы Хавьер Солана Абхазияның жікшіл жетекшісі Сергей Багапшпен келіссөздер жүргізіп жатыр. Грузияның бөлініп қалған аймағы Абхазияның жетекшісі Багапш Соланаға Грузияның орталық үкіметіне қатысты Абхазия өз ұстанымын жұмсартпайды деп айтамын деген. Кеше Батумиде Грузия президенті Михайл Саакашвилимен кездескен Хавьер Солана, Мәскеуді Абхазияға қатысты әрекеттеріне байланысты сынады. Ол Ресейдің Абхазияға қосымша әскер орналастыруы бұл жердегі дағдарыстың қысымын көтеріп жіберді деді.