Ирақ премьер министрі Нури әл Мәлики өзінің Иранға сапарын жалғастырып, бүгін президент Махмуд Ахмединежадпен келіссөз өткізуде. Келіссөздер Иран қарсы болып келген Ирақ пен АҚШ-тың қауіпсіздік келісімі турасында болуда. Иранға сенбі күні келген әл Мәлики ирандық ақпарат құралдарына айтқанында, Ирақ Иранның қауіпсіздігіне нұқсан келтіру үшін өзін пайдалану мүмкіндігіне жол бермейді деген.