Украйна кенішіндегі газ жарылысынан кейін 21 кенші құтқарылды

Бұдан бұрын 2 кенші құтқарылған болатын. Донецкідегі бұл кеніште қалған басқа 13 кенші де іздестірілуде. Жер асты сулары кенішті басып қалатын түрі бар. Украйнада 1958-ші жылдан жұмыс істеп келе жатқандықтан бұл - елдегі ескі кеніштердің бірі боп табылады. Қауіпсіздік мақсатында кеніш осы сенбіде жабылған еді. Жексенбіде жұмыскерлердің шағын тобы ғана жұмыстарын жалғастыруды жөн көрген екен. Дәл сол күні апат болды.