АҚШ президенті Джордж Буш бүгін Еуропаға сапарын бастады

Мақсат - Ауғанстанға көбірек көмек беріп, Иранға қысымды күшейтуге, климаттың өзгеруіне қарсы күресте әріптестікті ұлғайтуға Еуропа басшыларын шақыру. Буштың маусымның 10 мен 16-сы аралығына белгіленген алғашқы сапары Словенияда болатын жыл сайынғы АҚШ-Еуропа саммитіне қатысудан басталмақшы. Содан кейін Германияға, Италияға, Ватикан мен Франция, Британияға қарай сапары жалғаспақшы. Маусымның 12-де Буш мырза Ауғанстанға көмек мәселесіне арналған, Парижде болатын халықаралық конференцияға қатыспақшы.