Пәкістан Ауғаныстанмен шекарадағы әуе шабуылдарын айыптады

Пәкістан армиясы Ауғаныстанмен шекарада 11 пәкістандық сарбаздың өліміне әкелген әуе шабуылдарын айыптап отыр. Пәкістан әскерилері Ауғаныстан жеріндегі АҚШ бастаған күштердің жасаған әуе шабуылдары толығымен себепсіз болды дейді. Осыған дейінгі хабарларда, шекарада АҚШ күштерінің қолдауымен ауғандық күштер мен талибан жасақтарының арасындағы қақтығыстан сегіз талибан жауынгері, 10 пәкістандық әскер қаза болды деп хабарланған еді. АҚШ әскерилері бұл хабарға әлі жауап айтқан жоқ.