Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылға дейін өз орнында қалатыны және 2009 жылдың күзінде Қазақстанда кезектен тыс парламент сайлауы өтуі ықтимал екендігі туралы мемлекет басшысының саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтың мәлімдемесі қоғамда түрлі пікір туғызды.
Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Жармахан Тұяқбайдың пікірінше, өркениетті мемлекеттерде президент сайлауы Конституцияның мүмкіншілігі арқылы шешілуі тиіс:
- Президент өз орнында 2017 жылға дейін бе, әлде 2030 жылға дейін бола ма - оны Ермұхамет Ертісбаев емес, халық шешеді. Егер сайлау әділетсіз болып, Конституция мүмкіншілік берсе, неге оған 2030 жылға дейін тағында отырмасқа?
Жармахан Тұяқбай, Қазақстанда кезектi және кезектен тыс сайлау кез келген уақытта өтуі мүмкін дейді:
- Біздің елде бәрі мүмкін. Бүгін елбасы парламент сайлауын өткіземін десе, Конституция оған толық құқық берген.
«Мысль» журналының бас редакторы Сейдахмет Құттықадам президент кеңесшісінің мәлімдемесін сынға алды:
- Ертісбаев елде жалпы демократия бар екенін біле ме өзі? Өркениетті демократиялық елдерде президенттің орнында қалу-қалмауы сайлау кезінде шешіледі. Ал Е.Ертісбаев қайдан біледі? Яғни, соған қарағанда Е.Ертісбаев баяғы авторитарлық жолмен жүргісі келетін азамат. Сондықтан бұл оның ғана пікірі деп түсінеміз. Халықтың пікірі басқаша.
«Ақ Жол» партиясының төрағасы Әлихан Байменов президент Н.Назарбаевтың 2017 жылға дейін елді басқаруына қарсы емес:
- Қазіргі президенттің келесі сайлауға түсуге құқығы бар. Ең бастысы, қандай сайлау болса да, әділ өтсе. Әділ сайлауда кім жеңіске жетеді, соның президент болғаны дұрыс.
Әлихан Байменов кезектен тыс парламент сайлауы билік үшін тиімсіз дейді:
- Сайлауды дәл қазір әлеуметтік ахуал ушығып тұрғанда, көптеген саяси мәселелер қоғамның талқылауында жүргенде, бағаның шарықтап өсіп, билік оны ауыздықтай алмай жатқан кезде өткізу билік үшін тиімсіз деп ойлаймын. Екіншіден, кейбіреулер парламент сайлауы 2010 жылға дейін, яғни ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудің алдында болуы керек деп есептейді. Себебі, төрағалықты алып қояды деген қауіп бар. Бірақ олай емес, ешкім бұл шешімді өзгерте алмайды. Ішкі ахуал қалай дамыса да, Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төраға болады.
Қоғам қайраткері Балташ Тұрсынбаев, президенттің 2017 жылға дейін орнында қалуы үлкен жаңалық емес деп есептейді:
- Қазақстан президентінің «Тасжарған» газетінде басылған қысқаша пікірін оқыған шығарсыздар. Ол: «Мен әлі орнымда ұзақ отырамын» деген. Сондықтан Ертісбаев қателеседі. Президент 2017 жылға дейін емес, 2030 жылға дейін билік жасайды.
Балташ Тұрсынбаевтығ пікірінше, елде кезектен тыс парламент сайлауы тіпті президенттің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі айтқан мерзімінен де ерте өтуі мүмкін. :
- Мен өзім 2008 жылдың аяғында парламент сайлауы өтеді деп есептеймін. Анық болуы ықтимал.
Қазақстан президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Е.Ертісбаевтың «Литер» басылымына берген сұхбатындағы мәлімдемесін Қазақстандағы кейбір саясаткерлер осылай қабылдап отыр.