Сенбі күнгі басылымдарда түрлі саяси-мәдени шаралардың өткендігі, президенттің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтың «Рейтер» агенттігіне де Қазақстанда парламент сайлауының мерзімінен бұрын өтуі мүмкін екендігі туралы сұхбат бергені жазылыпты. Сонымен қатар 1 шілдеге шейін студенттерге тиесілі жеңілдіктің қалдырылатындығы мен президенттің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің ісіне қатысты болып жатқан оқиғалар да назардан тыс қалмапты.
«Егемен Қазақстан» газетінде журналист Қарашаш Тоқсанбайдың «Мәдени» мұра» - ұлт болып ұйысуымыздың темірқазығы» деп аталатын мақаласы жарық көріпті. Мақалада, осы бағдарламаның аясында, қазақ мәдениетінің жанданып жатқандығын сөз еткен бас қосу өткендігі айтылыпты.
Сонымен қатар, газетте «Қазақстан: Еуразия тоғысындағы сауда мен инвестиция» атты халықаралық бизнес конференцияның Қазақстанда екінші рет өтіп жатқандығы сөз болыпты. Дастан Кенжеғалидың «Маңызы зор халықаралық бас қосу» деп аталатын мақаласында, бұл конференцияға премьер-министр Кәрім Мәсімовтың қатысып сөз сөйлегені және онда «Каспий өңірінің дамуы: энергия, оның және басқа да табиғи ресурстардың дәстүрлі емес көздері», «Қаржы секторын нығайту және тұрақтылығын қамтамасыз ету», «Экономиканы әр тараптандыру мен рыноктық өсім» деп аталатын тақырыптардың кеңінен талқыланғаны баяндалыпты.
«Айқын» газетінің 14 маусым күнгі санында, Құбаш Сағидоллаұлының «Ертісбаев елден бұрын біледі...» деген мақаласында, президенттің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтың «Рейтер» агенттігіне де сайлаудың мерзімінен бұрын өтіп қалуы мүмкін екендігі туралы сұхбат бергені айтылыпты. Мақалада, Ертісбаевтың: «билік осы күзде сайлау туралы заңға өзгертулер мен түзетулер енгізбек. Заңға түзетулердің нәтижесінде саяси партиялардың парламентке өту кедергісі 7 пайыздан 4 пайызға төмендетілмек. Бұл жағдай мәжіліске екі немесе тіпті үш партияның өтуіне мүмкіндік береді» деп айтқан сөзі келтіріліпті.
«Алматы ақшамы» газетінің сенбі күнгі санында, «Жастарға жеңілдік» деген мақала жарық көріп, онда қалалық әкімдікте жоғары оқу орындары мен колледж басшылары, Алматы қаласы бойынша Тасымалдаушы кәсіпорындар ассоциациясы, Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары департаментінің өкілдері бас қосқан жиналыс өтіп, оған қала әкімінің орынбасарлары С.Сейдуманов пен В.Долженковтың қатысқаны айтылыпты. Жиналғандардың қаржы дағдарысы мен қымбатшылық екі өкпеден қысқанымен, жастарды жабырқатпауымыз қажет деп, ақылы бөлімде оқитын студенттерге де 50 пайыздық жеңілдік жасау туралы шешімге келгені баяндалыпты.
«Литер» және «Вечерняя Алматы» газеттері 1 шілдеге шейін студенттерге тиесілі жеңілдіктің қалдырылғандығына баса назар аударыпты. Газет қоғамдық көлдікте жүру жолақысының қымбаттап, студенттерге қатысты жеңілдіктің алынып тасталатындығын естіген бір топ алматылық студенттердің қала орталығындағы Тәуелсіздік ескерткішінің алдына келіп, оларды полиция ұстап әкеткендігіне тоқталса, «Вечерняя Алматы» басылымы мұның бәрінің де жанар-жағар май бағасының қымбаттағандығына байланысты екендігін айтыпты.
«Время» газеті президенттің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевті Қазақстанға қайтару мүмкіндігінің күн өткен сайын артып келе жатқандығын хабарлапты. Басылымда таяуда Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Рәшид Түсіпбековтың Австрия федералдық әділет министрі Мария Бергермен кездескендігі баяндалыпты. Осыған орай мақалада ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан ресми ақпаратты мысалға келтіріліпті. Ол ақпаратта осы мәселеге байланысты Қазақстан мен Австрия құзырлы органдарының «Өзара түсіністік туралы» деп аталатын меморандумға қол қойылғандығы айтылыпты.
Газеттің екінші бетінде «Вена орманының жаңғырығы» деп аталатын Дилярам Аркиннің мақаласы жарық көріпті. Автор өз мақаласында Алматы қаласындағы Түркісіб аудандық сотында өз қызметін асыра пайдаланды деген айыппен сот орындаушылары Ғайша Ағадиева мен Мәлика Жансеркееваға қатысты сот үкімінің шығарылғандығына тоқталыпты. «Фаворит» қонақүй-мейрамханалық кешенінің қожайыны Илиазар Юсупов президенттің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің бизнесін тартып алып, сот тарапынан әділетсіздік көргенін айтып, арызданған болатын. Алайда жауапқа тартылған екі сот орындаушысының туған-туысқандары Рахат Әлиев, Әлнұр Мұсаев секілді нағыз қылмыскерлер емес, қалыптасқан жағдайдың құрбаны болған, түк жазығы жоқ адамдар жауапқа тартылды деп есептейді.