Бүгін Косовоның жаңа Конституциясы өз күшіне енеді

Косово аймағының Сербиядан өз тәуелсіздігін біржақты жариялағанына төрт ай толғанда Косово президенті Приштинада ел Конституциясына қол қояды. Жаңа Косово мемлекетіне БҰҰ-ның әкімшілігі билік күшінің қаншалықты тармағын беретіндігі әзірге анық емес. Бас хатшы Пан Ки Мун Косоводағы БҰҰ-ның әкімшілігі полиция мен сот жүйесінің кейбір билігін өз қолында ұстап қалуы керек деп атап көрсетті.