ИСЛАМАБАД: Ауғанстан президенті Х.Қарзайдың тәліптерге Пәкістан жерінде соққы беру туралы өз армиясына бұйрық бере алатынын мәлімдеуіне наразы болған ресми Исламабад ауған елшісін шақырып алып, наразылық нотасын тапсырды. Кеше Х.Қарзай “Талибан” жасақтарына Пәкістан жерінде соққы беру туралы ұлттық армиясына бұйрық бере алатынын мәлімдеген болатын. Пәкістан сыртқы істер министрлігінің Исламабадтағы өкілі “Франс-Пресс” агенттігіне берген сұхбатында ауған президентінің әлгі сөзіне ащы наразылығын білдіру үшін ауған елшісін шақыртып алғанын хабарлады. Одан бұрын Пәкістанның премьер-министрі Юсуф Раза Гилани не өзінің жеріне басып кіруге, не ішкі істеріне араласуға Пәкістанның рұқсат бермейтінін мәлімдеген болатын.