Ауғанстан және Ирақ елі әлемдік босқындар санын көбейте түсуде

БҰҰ-ның хабарлауынша, Ирақ пен Ауғанстандағы соғыстар кесірінен 2007-ші жылы босқындар саны одан әрі екінші жыл көтеріліп барады. БҰҰ Босқындар ісі бойынша комитеттің айтуынша, 2007-ші жылы оның жауапкершілігі астында 11 миллион 400 мың босқын болды. Ал, 2006-шы жылы бұл көрсеткіш 9 миллион 900 мың болған еді. Босқындарды ең көп қабылдаған ел - Пәкістан. Сондай-ақ Сирия, Иран, Германия, Йордания елдері де босқындарға пана болды.