Литва парламенті советтік және нацисттік рәміздердің көрсетілуіне тиым салатын заңды мақұлдады. Атап айтқанда, совет және нацисттік жетекшілердің суреттері мен тулары, сондай-ақ, балға мен орақ және қызыл жұлдыздың, сонымен қатар, нацисттік рәміздердің қоғамдық жиындарда көрсетілуіне тиым салынып отыр. Кеңес Одағы, нацисттік Германиямен келісімге қол қойған соң, Литваны 1940 жылы басып алған болатын.