Сербия Жоғарғы соты бұрынғы Қауіпсіздік қызметі жетекшісін 40 жылға түрме жазасына кесті

Бұрынғы Югославияның бұрынғы президенті Слобадан Милошевичтің қауіпсіздік қызметінің жетекшісі болған Радомир Марковичті сот төрт адам қаза тапқан шабуылды ұйымдастырды деген айыппен 40 жылға бас бостандығынан айырып отыр. Сербияның бұрынғы жартылай әскерилендірілген полициясының командирі Милорад Улемек пен оның екі одақтасын да 40 жылға түрмеге жабу туралы үкім шығарылды.