Осыдан екі жыл бұрын маусымның 18-інде Қазақстанның тұңғыш жер серігі ұшырылды. Ресейдің Хруничев атындағы орталықта дайындалған жер серігіне Қазақстан 65 млн доллар жұмсады. Ғарышты игерген мемлекеттер қатарына қосылуда Қазақстанның тұңғыш қадамы ретінде бағаланған «Қазсат» мемлекет үмітін қаншалықты ақтады?
Қазақстанның тұңғыш жер серігінің қазіргі таңдағы жағдайы әлі өзгеріссіз қалып отыр. Бұл жөнінде 2008 жылы маусымның 18-күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғарыш агенттігінің баспасөз хатшысы Сара Қабиқызы хабарлады:
- Әзірге «Қазсаттың» жағдайы өзгерген жоқ. Жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні Мәскеуде ресейлік және қазақстандық мамандар кездесіп, жағдайды қарастырып жатыр.
Биылғы маусымның 8-күні қазақстандық тұңғыш жер серігі басқару аппаратында ақаудың пайда болуына байланысты жұмысын тоқтатқан болатын. Осыдан екі жыл бұрын «Қазсат» ұшырылған кезде аталған жер серігіне Қазақстанның көп үміт артып отырғанын сол кезде ақпарат құралдары жазған еді.
Бұл ең әуелі Қазақстанның ақпарат кеңістігіндегі ақпарат алмасу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді делінген-тұғын. «Қазсаттың» ұшырылуы, ең бастысы, Қазақстанның әлемдегі ғарыш державаларының біріне айналу жолындағы тұңғыш қадамы деп бағаланды. Десек те алғашында «Қазсаттың» толығымен іске қосылмауы мамандар арасында әртүрлі пікір туғызғаны рас. «Қазсаттың» осыған дейін де толық мүмкіндігін пайдаланбағанын ғалымдар әдеткі жағдай деп есептейді.
- Біздің қазақстандық операторлар бірден 100 пайыз мүмкіндігін пайдалана алған жоқ. Сол себепті бұл сатылап жұмыс істей бастады, кей кезде мәселе қаржыға кеп тірелді. Қосымша құрылғылар алып, оны орнату керек болды, - дейді Ғарыштық байланыс республикалық орталығы акционерлік қоғамының президенті Виктор Лефтер.
Мамандардың бағалауынша, егер «Қазсат» өз мүмкіндігін толық іске асыра алған жағдайда мемлекет жылына 25-27 млн доллар үнемдеген болар еді. Алайда бүгінде жұмысы тоқтап қалған жер серігі үшін кеткен қаржыны Қазақстан қайтарып ала алмайтын сияқты деп қазақстандық profit.kz сайты болжам жасайды.
Дегенмен ғарыштық байланыс республикалық орталығы акционерлік қоғамының президенті Виктор Лефтер бұлайша болжам жасауға әлі ертерек деп санайды.
- Ғарыш технологиясы, ғарыштық байланысқа жұмсалған ақша ешқашан өзін бірден ақтамайды. Ол мемлекет мүддесі үшін жұмыс жасап жатқандықтан онда бірден пайда тауып кету деген болмайды, - дейді ол.
Дегенмен «Қазсат» бүгінгі күнге дейін кеткен қаржының неше пайызын ақтағаны туралы ақпаратты мамандар айта алмады. Алматы қаласының тұрғыны Павел Соловьев «Қазсат» жобасына сыни көзқараспен қарағанын айтады.
- Әу бастан-ақ атақ, мақтан үшін қолға алынған бұл нәрсені заман талабына сай жасалған сәтті жоба деп айта алмаймын. Ең әуелі оны түсінуі үшін халықтың білімі болуы керек, ал қаржыны көмекке зәру зейнеткерлерге беру қажет, - дейді Павел Соловьев.
Алматы қаласының тұрғыны зейнеткер Дәркембай Байжолданов «Қазсаттың» өзін өзі ақтай алатындығына күмән білдіреді:
- Біз ақша төккенді білеміз. Оның арты не болады, қалай болады деген сұраққа ешкім бас қатырғысы келмейді. Ең жаманы сол.
Қазақстан 2009 жылы тағы бір жасанды жер серігін - «Қазсат-2» ғарышқа ұшыруды жоспарлап отыр.
- Егер ол да бүгінгідей жағдайда ұшырылса, «Қазсат 1»-дің кейпін кимесіне ешкім кепілдік бере алмайды. Сол себепті, «Қазсат-1» жер серігін дайындауда кеткен кемшіліктерді қайталамас үшін арзан фирмаларға емес, батыстың сенімді компанияларына құрылғыларға тапсырыс беретін боламыз, - дейді Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев.