ВАШИНГТОН: Адамның құқын қорғайтын халықаралық “Freedom House” ұйымы кешегі совет республикалары – Ресей мен Қазақстанды және Әзірбайжанды – мұнай экспортынан түскен табысы өскен сайын, демократиялық реформаларды керісінше баяулата түсті деп айыптады. “Freedom House”-тың жаңа баяндамасында айтылғандай, аталған 3 елдің үкіметтері өз азаматтарының бостандығын, қоғамдық ұйымдардың іс-қимылын күрт шектеді. Ал шетелдік бақылаушылар Ресей мен Қазақстан және Әзірбайжандағы құбылыстар туралы ақпараттардың жоқтығын атап отыр. Атап айтқанда баяндамада Ресейдің экс-президенті В.Путиннің “авторитарлық капитализмді” орнатып, баспасөзді тұншықтырып, сот жүйесін шатастырғаны айтылады.