Германия Қорғаныс министрі Франз Йозеф Юнгның бүгін айтуынша, Ауғанстандағы әскер санын ресми Берлин 4500-ге жеткізбекші. Германияның әскери жасақтарын оңтүстік Ауғанстанға жөнелтуіне НАТО шақырып келген болатын. Германияның негізгі жасақтары салыстырмалы түрдегі тыныш аймақта, яғни Ауғанстанның солтүстігінде тұр. Бұл шараны әлі Германия парламенті мақұлдауы тиіс.