Жапонияның Киото қаласында «Үлкен Сегіздік» тобының саммиті өтіп жатыр

Саммит екі күн жалғасады. Британия, Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония, Ресей және Америка Құрама Штаттарының министрлері Ауғанстан шекарасын күшейтуге, азық-түлік пен мұнай бағасын тұрақтандырып, ғаламдық дағдарыстың алдын алуға келісті. Күн тәртібінде, сол сияқты, Солтүстік Корея мен Иранның даулы ядролық бағдарламалары мен Зимбабведегі саяси дағдарыс та бар.