Владимир Путин мен Юлия Тимошенко Украинаны газбен жабдықтау мәселесін талқылайтын болады. Бұдан бір күн бұрын Ресейдің Газпром компаниясы келер жылы газдың әрбір мың текше метрі үшін Украина 400 доллар төлейді деп айтқан еді. Өйткені Ресейдің өзі Орталық Азия елдерінен көгілдір отынды қымбат бағаға сатып алады дейді Газпром басшысы Алексей Миллер.