Бүгін Астанада ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының жылдық 17 сессиясы өз жұмысын бастады

Аталған ұйымның Парламенттік Ассамблеясы өзінің сессиясын Орталық Азия өңірінде алғаш рет өткізіп отыр. Сессия жұмысына әлемдік қауымдастықтың 60-қа жуық мемлекетінің ұлттық парламенттерінен 400-ден аса депутат қатысуда. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астана сессиясының басты тақырыбы - Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы ашықтық деп аталады. Сессияның ашылуында сөйлеген сөзінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Йоран Ленмаркер, Қазақстанды осы ұйымға төрағалық ету кезеңін демократияны дамытуға жұмсауға шақырды.