Литвада 300 интернет-сайтқа хакер шабуылдары жасалып, зақым келді

Кейбір қоғамдық мекемелердің веб-сайттары да зардап шекті. Шабуылды ресейшіл хакерлер атқарса керек, веб-сайттардың мазмұны жойылып, орнына Совет Одағының қызыл жалауы, Литваны балағаттаған сөздер шықты. Жаппай хакер шабуылдары былтыр көршілес Эстония веб-сайттарына да жасалған. Ресей мен Балтық жағалауында орналасқан бұрынғы совет елі Литваның қатынастары соңғы айларда қиындай түсті, Литва екеуара дауларда талабын күшейткен болатын.