ВАШИНГТОН: Келесі жылдың басында АҚШ жалпы саны 33 мыңдай жауынгердерден тұратын қосымша 6 әскери бөлімді Ираққа аттандырады. Ол туралы Пентагонның ресми өкілі Брайан Уитман хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, жауынгерлер мен теңіз жаяу әскері осы күні Ирақта қызмет етіп жүргендерді ауыстыруға тиіс.