Қазақстанда жаздың ортасында да жеміс-жидектің бағасы арзандамай тұр

Оған себеп осы жылы Қазақстанға Өзбекстаннан әкелінетін ауыл шаруашылық өнімдері 20 есеге азайған. Соңғы алты айда Қазақстанға Өзбекстаннан 428,7 тонна ғана ауыл шаруашылық өнімдері әкелінген. Бұл Қазақстан нарығына қатты әсерін тигізіп отыр. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кеден кірістері департаменті басқармасының басшысы айтқандай, бейресми ақпарат көздеріне қарағанда, Өзбекстан үкіметінің арнайы қаулысымен жеміс-жидек, көкөністердің экспортын тек екі компания ғана жүзеге асырып отыр. Бірақ, экспортты шектеу туралы Өзбекстаннан ресми хабарлама келмеген.