Әлемдегі өндірісі дамыған елдердің басшылары Ауғанстан үкіметінің алдына қауіпсіздік пен қайта құру шараларындағы жауапкершілікті арттыру міндетін қойды. Үлкен сегіздік тобының Жапонияда өткен үшкүндік саммитінің қорытындысында жарияланған мәлімдемеде Ауғанстан мен Пәкістанның шекара аймағында көмек күштерін көбейтіп, қолдауға келісілгені айтылған.