Биыл қазақтың үлкен ақыны, ойшылы Шәкәрім Құдайбердіұлының 150 жылдық мерейтойы. Шәкәрім Құдайбердіұлы 11 шілдеде дүниеге келіпті.
Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Қазақ ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы. Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбайұлының қолында тәрбиеленеді. Ол орыс, араб, парсы түрік тілдерін жетік меңгеріп, Батыс, Шығыс әдебиетін жақсы білген.
-Энциклопедиялық білімі бар Ш.Құдайбердіұлы еңбекқорлығымен, жан-жақты білімімен дүние жүзінде дамыған діндердің бәріне терең үңіле білген ғұлама. Семейде шәкәрімтану орталығы 5 томдық кітап шығарды, Алматыда жазушы Роллан Сейсенбаев 3 томдық кітап шығарып жатыр. Кез келген ақын, жазушының тойы осындай кітаптармен өлшенуі керек – дейді, оның шығармаларын зерттеп жүрген жазушы Айгүл Кемелбаева.
«Абай» журналының бас редакторы Мұратбек Оспанов, Абай, Шәкәрім мұраларын халық арасында кеңінен тарату мақсатында Шығыс Қазақстан облысында алғашқы қадамдардың басталып кеткендігін айтты:
- Мемлекет қаржысын бөлді, Өскеменде айтысын ұйымдастырды. Той аталмай жатқан жоқ. «Абай» журналынының бір санын Шәкәрімнің тойына арнап отырмыз. Шәкәрім орталығы Шәкәрім энциклопедиясын шығарып жатыр. Ғұламаның 5 томдығы шықты – деді ол «Азаттық» радиосына.
«Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшімнің пікірінше Шәкәрімнің мерейтойы өз деңгейінде аталып өтіп жатқан жоқ:
-Әрине оған бірінші кезекте халық ат салысуы керек. Алайда биліктің бұған оң қабақ танытпай отырғаны да оны дұрыстап атап өтуге кедергі келтіруде.
- Мен бәрін тек биліктен көріп отырғаным жоқ. Құрамында 700-ге тарта ақын, жазушылары бар Одақ және тіл, әдебиет институттары көтеруі керек. Олар да сол билікке қарап, не айтар екен деп отыр. Биліктен ондай мәселені күтпей, халықтың өзі төменгі деңгейде болса да атап өту керек. Біз тек билікке ғана қараймыз. Шәкәрімді көзге ілмеу, бұған енді өздерінің ұяты білсін дегеннен басқа айтарым жоқ.
Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай, Қазақстан үкіметінің 2008 жылғы 31 наурызындағы қаулысының бекітілгендігін, онда ғұлама ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының 150 жылдық мерейтойын атап өту туралы қарастырылғандығын айтты:
- Біріншіден, Ш. Құдайбердұлының туғанына 150 жыл толуына орай мерекелік кітаптар шығару. Ол жыл бойы шығып отырады. Одан бері барлық БАҚ-да оның өмірі мен шығармалары туралы мақалалар жарияланалы деп жоспарланған. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі жергілікті бюджеттен «Абай және Біржан» қойылымын қояды.
- Ш. Құдайбердіұлының мерейтойын мерекелеу аясында Францияда көрме ұйымдастырылып кетті. Той қарсаңында республикалық деңгейдегі ақындар айтысы өтеді деп күтілуде. 150 жылдыққа арналған халықаралық конференция мен мерейтой кеші Алматы қаласында болады –деді, ол.
Шәкәрімнің 1878 жылдан бастап 1904 жылға дейін жазған өлеңдері «Қазақ айнасы» деген атпен 1912 жылы жеке кітап болып шықты. Ол қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосты. Кеңес үкіметінің чекистері атып өлтірген Шәкірім Құдайбердіұлының шығармаларын ұзақ жылдар бойы шаң басып жатты. Қайта құрудың алғашқы жылдарында жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы мемлекеттік комиссия құрылып, Шәкәрім шығармалары қайтадан оқырманымен қауышты.