Түркияда ондаған адам лаңкестікке қатысы бар деп айыпталуда

Түркия прокуроры ондаған адамға лаңкестікке қатысы бар деген айыптар тақты. Түрік үкіметін күшпен құлатпақшы болды деген күдікке 86 адам ілінді, олардың 48-і қазір қамауда, деп хабарлады Стамбул бас прокуроры. Тергеу ісіне байланысты осыған дейін зейнетке шыққан екі генерал мен жетекші кәсіпкерлер және журналистер тұтқындалған болатын.