Ирақтағы жанкештілік жарылыста кемінде 16 адам құрбан болды

Бүгін Бағдадтың солтүстігінде екі жанкешті жарған бомбадан 16 адам қаза тауып, 30 кісі жарақаттанды деп айтты АҚШ әскерилері. Кейбір деректерге қарағанда қаза тапқандар саны 20-дан асады. Шабуылдар Дияла провинциясының орталығы - Бақуба қаласына жақын жердегі әскери базада болған.