Байкерлер Балқашта фестивалге жиналады

Шілденің 25-күні «Балқаш-2008» атты байкерлер фестивалі басталмақ. Осымен екінші жыл қатарынан өткізілетін бұл шараның мақсаты – Қазақстан табиғатының әсемдігін және оған қамқорлықты насихаттау болмақ. Үш күнге жалғасатын фестивалге қазақстандық және шетелдік байкерлер қатысып, күре жолда кәсіби және әуесқойлық мотожарыс түрлері бойынша халықаралық кубогтың бәйгесін өткізбек.