Караджичке көмектескендерді Серб басшылығы іздеуде

Босния сербтерінің бұрынғы басшысы Радован Караджичке өтірік төлқұжат жасауға кімнің көмектескені және ол қолданған Драган Дабич деген жалған есімнің шын иесінің болған, болмағаны төңірегінде тергеу-тексерулер жүргізілуде. Бұл туралы соғыс қылмыскерлеріне арналған Серб сотының өкілі Бруно Векарич мәлімдеді.