Кипрдің грек, түрік басшылары бірігу туралы келіссөзді бастамақшы

Кипрдің бәсекелес грек және түрік қауымдастықтары бейбітшілік жөніндегі тікелей келіссөздерді қайта бастауға келісті, деп хабарлайды Біріккен ұлттар ұйымы. Президент Деметрис Кристофиас пен Кипрдағы түріктердің басшысы Мехмет Әли Талат Жерорта теңізіндегі бұл аралдың БҰҰ-ы бақылауындағы бөлігінде кездескен болатын. Қайта бірігу туралы келіссөздер қыркүйектің 3-не белгіленіп отыр. Кипр 1974 жылы екіге бөлінген еді.