Сәрсенбі күні кешке Төлеби ауданындағы Алғабас ауылында 38 жасар ер адам көз жұмған, деп хабарлайды Қазақстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі. 28 шілде күні Леңгір қаласындағы аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне түскен науқасқа дәрігерлер «күйдіргі дертіне шалдыққан» деген диагноз қойған болатын. 20 шілде күні ол адам дертке шалдыққан малды союға қатысқаны кейін анықталған. Қазір ол жерді мамандар бақылауға алып, тексеріп жатыр, деп хабарлайды төтенше жағдайлар қызметі.