Қазақстанда жасалған қаруды АҚШ сатып ала ма?

Ауғанстандағы лаңкестікке қарсы күресуші коалиция үшін АҚШ келер жылдың басына қарай Қазақстанда жасалған қаруды сатып алуды жоспарлауда деген хабар бар. Сондай-ақ хабарларға қарағанда, ол қарулар Ауғанстанның жер жағдайына сәйкес келеді деп, Ауған үкіметі де қызығушылық білдіруде екен. Бұл хабарды Қазақстанның Қорғаныс министрлігі жоққа шығара қоймағанымен, ол жөнінде мәлімет беруден бас тартты.