Қытайдың автономиялық ауданында 16 адам қаза тапты

Қытайдың Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданындағы полиция кеңсесіне жасалған шабуылдан кем дегенде 16 адам қаза тапты.
Қытайдың “Синьхуа” агенттігі хабарлағандай, шабуыл жасағандар полиция кеңсесінің ауласына 2 автокөлікпен бұзып кіріп, бірнеше қол гранатын жарған.
Қытайдың осы өңірінде ресми Бежиңнің үстемдігін мойындамай, Шыңжаңда ислам мемлекетін құруды аңсайтын “Шығыс Түркістан” атты ұйғыр терроршыларының ұйымы әрекет етеді.